Әкімшілік процесті цифрландыру бойынша жұмыс жалғасуда

Әкімшілік процесті цифрландыру бойынша жұмыс жалғасуда

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әкімшілік процесті цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазіргі уақытта депутаттық бастама бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен жабдықтары арқылы тіркелген, көліктегі және жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану процесін автоматтандыру бөлігінде өзгерістер енгізілуде.

Осыған байланысты а.ж. 12 сәуірде Комитет төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкеневтің жетекшілігімен жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу, сондай-ақ жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобының көшпелі ведомствоаралық отырысы өткізілді.

Оның жұмысына Көлік министрлігінің өкілдері және басқа да мүдделі органдар мен тұлғалар қатысты.

Отырыс барысында ауыр салмақты автокөлік құралдарының, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы тіркелетін салмақтық және габариттік параметрлерін асырып өтуі үшін әкімшілік жаза қолдануды автоматтандыру және олар бойынша айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымдар шығару мәселесі қаралды

 «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін» «Көліктік деректер базасы және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі» ақпараттық-талдамалық жүйесімен интеграциялау бойынша жұмыстар жоспарланған, бұл ӘҚБтК-нің 571-бабы 6-бөлімінде көзделген құқық бұзушылықтар бойынша адамның қатысуынсыз, автоматтандырылған режимдегі жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарға ұқсас ұйғарым шығаруға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті