«Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы» есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

«Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы» есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

2024 жылғы 19 наурыздағы НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14990403) «Адамдардың арақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы» есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі - жоба) орналастырылды.

Осы жоба мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, «Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы» есеп нысанын қайта қарау туралы Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі кеңесінің 28.09.2023 жылғы № 3 кс/23-01 хаттамасының 8.2-тармағын орындау шеңберінде әзірленді. 

Есептің жаңа нысаны ЖКО бойынша мәліметтер көрсетілген бес талдамалық кестеден тұрады:

1) жарақаттанғандар және қаза болғандар бойынша деректер бөлінісінде жасалған орны, кінәлілердің түрі және ЖКО бойынша;

2) ЖКО себептері бойынша жасалған орындар бөлінісінде;

3) ЖКО себептері мен түрлері бойынша ЖКО кінәлілерінің санаттары бөлінісінде;

4) ЖКО кінәлілері бойынша;

5) ЖКО-да зардап шеккен адамдар бойынша.

Бір мезгілде, жобамен ЖКО-1, ЖКО-2 нысандарын ЭАЕҚ-қа қосымша деректемелер енгізу көзделеді.

Сонымен қатар, «Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы» Нұсқаулыққа тиісті түзетулер енгізілді.

Жобаны жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.