Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету саласындағы жаңалықтар

Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету саласындағы жаңалықтар

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті qamqor.gov.kz ақпараттық порталында әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларға қатысты тексеру функционалын іске асырды.

Көрсетілген функционал азаматтардың ыңғайлығы мен уақытты үнемдеу үшін жасалған, яғни өтініштерді уәкілетті органға жолдап, оған жауабын 15-20 күн күтудің қажеті жоқ.

Сервис интернет-ресурстарды пайдаланушыларға үйден шықпай-ақ сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалар туралы мәліметтердің арнайы есепте болуы немесе болмауы туралы ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты алу үшін qamqor.gov.kz порталына өту керек, одан әрі Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалардың тізілімі бөлімінде ЖСН мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін енгізу қажет.

Одан кейін жүйеде анықтама қалыптастырылады, оны талап ету орны бойынша ұсыну үшін қағаз түрінде басып шығаруға болады. Аталған анықтама электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және ресми құжат болып табылады.

 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитеті