Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестірілуде.
Олардың ішінде: ерлер-1476, әйелдер – 142.
Іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейін.
Олардың көп бөлігі:Астана – 361, Алматы – 191, Ақтөбе – 143, Қостанай – 140, Жамбыл – 140, Павлодар – 108, Алматы – 102, Маңғыстау - 59 облыстарында іздеуге салынғандар.
2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).
Анықтама ретінде: Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі: Маңғыстау – 46, Алматы облысы – 45, Қостанай – 44, Шығыс Қазақстан – 43, Павлодар – 40, Қарағанды – 35, Абай – 32, Ақмола – 26, Солтүстік Қазақстан-21, Астана – 17 облыстарында тіркелге.
Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.
бас бостандығынан айыруға - 4,
шартты түрде -2,
бас бостандығын шектеуге -196,
қоғамдық жұмыстарға - 5.
Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды,оның ішінде 150 821 атқарушылық құжат мерзімдік өндірілуде.
Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіріп алынады.
Балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша 291 886 атқарушылық іс;
Еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға 773 атқарушылық іс;
Еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға 4 506 атқарушылық іс өндірісте болды.
Бұдан басқа, көрсетілген кезеңде соттармен бұйрық тәртібінде кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы 31 493 азаматтық іс қаралды.
Мәлімет үшін, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz порталында («Алимент бойынша борышкерлерді іздестіру» бөлімінде - тұлғаның тегі, аты - жөні) азаматтар алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып табылатын тұлғаларды іздестіру есебінде болуына қатысты тексере алады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті