Қазақстанда 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) төмендеуі байқалуда.
Жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30% -ды құрайды.
Аймақ бойынша ең көп алаяқтық:
Алматы (қ) - 6742, Астана (қ) - 5358, Қарағанды облысы - 2590, Шымкент (қ) - 1921, Алматы – 1836, Ақтөбе -1334, Атырау -1319, Қостанай -1311, Павлодар -1244, Шығыс Қазақстан -1243 облыстарында тіркелген.
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шекті, оның ішінде:
Ерлер – 15603, Әйелдер – 19020.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар - 102, мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар - 291, зейнеткерлер -1714, мүгедектер – 8.
Интернет-алаяқтық фактілері 1,5% - ға төмендеді.
Еліміз бойынша барлығы 15616 (15848) осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73% - ға төмендеді, барлығы 24 (89) факт орын алған.
Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға аз.
Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факт тіркелген және барлығы Алматы облысында.
Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы статистикалық есептілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша қалыптастырылады және ай сайын (тоқсан сайын) qamqor.gov.kz порталының «құқықтық статистика», «статистикалық есептер» бөлімінде жарияланатынын еске саламыз, онда статистикалық мәліметтерді жылдар және облыстар бөлінісінде алуға болады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті