Жаңа талдамалы құралдар туралы

Жаңа талдамалы құралдар туралы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті интернет-ресурстарды пайдаланушыларға қолдану ыңғайлы болу үшін qamqor.gov.kz порталында талдау дашбордтары орналастырды.

Ол талдамалық ақпаратты көрнекі түрде алуға қолжетімді, сондай-ақ бүкіл ел бойынша криминогендік және жол апаттық жағдайларды бағалауға, тіркелген қылмыстар туралы, оның ішінде аяқталған және мерзімдері үзілген қылмыстық істер бойынша мәліметтерді көруге мүмкіндік береді.

Оның көмегімен сайт қолданушылары белгілі бір кезеңдегі статистикалық мәліметтерді диаграмма түрінде, цифрлық көрсеткіштерді қоса алғанда облыстар бөлінісінде көре алады.

Бұл жаңашылдық қоғамдық ұйымдарға, БАҚ өкілдеріне және мемлекеттік органдарға пайдалы болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті