ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН - ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ.
19 наурыз еліміз үшін тарихи күн. Яғни, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі Мәслихаттары депутаттарын сайлауы өтеді. Қабылданған саяси реформалар еліміздің жан - жақты жаңғыруына үлкен әсері зор. Олай дейтініміз Президент жаңа депутаттар корпусын қалыптастырып, әділетті қоғамды орнатуға бар күш жігерін салуда. Осы орайда ел жүгін арқалаған мемлекет басшысының сындарлы саясатын қолдап, әр азамат белсенділігін танытып, Дана халқымыз айтқандай «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ел абыройын асқақтатар айтулы істе озық ойлылық, жауапкершілігіміздің жарқын үлгісін көрсетіп, бәріміз бір кісідей сайлаудың әділ өтуіне ат салысуымыз қажет.
Әр халық өзінің дұрыс таңдауын жасаса, ол біздің болашаққа деген үлкен қадамдарымыздың бірі деп есептеймін. Сайлау экономикамыздың тұрақты дамып, халықтың әл- ауқатын арттыруға, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған міндеттерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік. Бұның барлығы біздің әділетті Қазақстан құруымыздың бірден бір кепілі.
Сайлау өзіне тән ерекшеліктерімен есте қалары сөзсіз, яғни, парламент әр аймақтың мүддесін қорғайтын сенімді, мықты өкілдермен толығады. Саяси бәсеке күшейеді, халық болса өзі таңдаған, өз мүддесін мүлтіксіз қорғайтын үміткерлерге дауыс береді. Сайлау барысында, қолынан іс келетінін, бәсекеге қабілетті бола алатынын дәлелдеген үміткерлер мен партиялар ғана парламенттен орын алады. Нәтижесінде, «Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет» қалыптасуына үлкен жол ашады.
Әділ сайлау- әділеттің нышаны. Жалпы, сайлау дегеніміз- халықтың үні, халықтың жеке пікірі. Сол үнді үзбей, пікірді бұрмаламай, таза күйінде жүзеге асыру әділетті қоғам құрудың іргетасы екені анық. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының негізгі басты принципі де сол.
Біздің ендігі мақсатымыз- бұрыңғы дана халқымыздан қалған «Бірлік болмай- тірлік болмас» деген ұлы ұстанымының аясында сол ата- бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігіміздің көк байрағын құлатып алмай әрекет етіп, шын мәніндегі кең байтақ даланың ұлағатты адамына лайық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ынтымақтастық пен береке- бірлігіміздің үлгісін көрсетуге тиіспіз.
«Менің дауысым не үшін маңызды?» деп ойлайтындарыңызда бар. Мүмкін, сіздің бір ғана дауысыңыз бүкіл Қазақстанның жаңа бағытқа өзгеріп, еліміздің жарқын болашағын шешетін таңдау болатын шығар. Бұл- үлкен жауапкершілік. Қазақстан өте маңызды, бетбұрысты кезеңге оң қадам басқалы тұр.
Жақсы жаңалықтар мен жаңа өзгерістерді өз сенімімен күте отырып мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттарының депутаттарын сайлауында таңдауымызды жасап, дауыс беремін. Сіздерді де ел үшін маңызды шешім қабылдауға шақырамын. Сіздің дауысыңыз маңызды!
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз хатшысы Мұрат А.