2023 жылғы 23 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14429646) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру шеңберінде әзірленді.
Сонымен, Заңға сәйкес Комитет 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылған, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылған, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың» арнайы есебін жүргізеді («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 12) тармақшасы).
Осыған байланысты, Қағидалар жобасының 80-тармағы арнайы есепке алу атауының жаңа редакциясына сәйкес келтірілген.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.