
Бүкіл әлемде отбасы институтының құндылығы ұлт денсаулығы мен қоғамның өркендеуінің кепілі ретінде қарастырылады.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтарды көбінесе құрбандардың жақын адамдар жасайды: жұбайы, әкесі, анасы, әпкесі, ағасы, басқа жақын туысы. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылық құбылысының өзі отбасылық қатынастар мен отбасылық негіздердің бұзылуына әкеледі, отбасы институтының құндылығын төмендетеді.
Статистикалық деректерге сәйкес 2022 жылғы 9 айында республика бойынша отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар 7,2%-ға төмендеген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 727-ден 675-ке дейін болды.
Талдау көрсеткендей, аталған санаттағы құқық бұзушылықтардың 76,6%-ы үйде, 56%-ы мас күйінде жасалады. Отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасағаны үшін 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сапалы болжамдар мен талдаулар жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен әзірлеуді арттыру, алдын алу бойынша пәрменді шаралар, тіркелген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны туралы статистикалық мәлімет жүргізу мақсатында «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» №1-М және «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» №1-ӘІ статистикалық есептеріндегі көрсеткіштердің жекелеген санатына жатқызылды.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz ақпараттық порталында статистикалық есептілікті ай сайын (тоқсан сайын) орналастыру арқылы отбасы-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықты анықтау және бұлтартпау нәтижелері туралы халықты және жұртшылықты хабардар етеді. «Құқықтық статистика» бөлімінде Комитет қалыптастыратын статистикалық есептерден белгілі бір кезең, аймақ, ведомство бойынша қажетті мәліметтерді алуға болады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті