«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру туралы

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру туралы

Астана қ., 2022 жылғы 30 қараша, бүгін М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің Жоғары құқық мектебі басшылығының шақыруымен оқытушылар және 3,4 курс студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру болды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әлкенев қатысушыларға прокуратура органдарының мәртебесі мен өкілеттіктерін көрсете отырып Конституциялық заңның новеллалары туралы айтып берді.

Сонымен қатар студенттерге, прокурорлық қадағалауға баса назар аудара отырып, іс жүзінде қылмыстық және әкімшілік істердің электрондық өндірісінің ерекшеліктері көрсетілді.

Өз кезегінде Комитет аппаратының басшысы Ләзат Сүлейменова Құқық қорғау органдары академиясы арқылы прокуратура органдарына және конкурстық негізде құқықтық статистика органдарына қызметке орналасу тәртібі туралы айтып берді.

Студенттердің ерекше қызығушылығын Комитеттің ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері, qamqor.gov.kz порталында деректерді іс жүзінде пайдалану, сондай-ақ жұмысқа орналасу мәселелері тудырды.

 Іс – шараның соңында оқытушылар мен студенттер спикерлерге алғыстарын білдіріп, болашақ заңгерлер-студенттер үшін осындай дәрістердің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті