«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізу туралы

«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізу туралы

Құрметті қолданушы!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Ашық диалог» порталында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыбы бойынша интернет-конференция өткізілетінін хабарлайды.

Қолданушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары М.К.Құсайынов жауап береді.

 Интернет-конференция халықты мемлекеттік органдарда өтініштерді қарау тәртібімен, оның ішінде өтініштерді қарау мерзімдері және өтініштер бойынша қабылданған шешімдерге шағымдану рәсімдері туралы таныстыру мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты Сіздерді 2022 жылғы 07 қарашадан  09 қарашаға дейін (сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін) интернет-конференцияға қатысуға және өз ұсыныстарыңызды беруге шақырамыз.

Интернет-конференцияға қатысу үшін https://dialog.egov.kz/conference/2761 сілтемесіне басу қажет.