Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде «Республика күнін» мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Комитеттің басшылығы жеке құрамды айтулы күнмен құттықтап, тәуелсіздік жолындағы маңызды оқиға ретінде ұлттық мереке мәртебесінің маңыздылығын атап өтті.

«Тәуелсіздігіміздің тарихы 1990 жылдың 25 қазанында Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануымен басталды. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Республика күні» елдің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы тиіс және басты ұлттық мереке болып қала бермек. Бірлік пен келісімді сақтау және нығайту барлық азаматтардың даналығы мен көрегендігі мен өзара құрметін талап етеді».

«Республика күнін» мерекелеу тұжырымдамасын орындау аясында республикалық деңгейде спорттық-көпшілік іс-шаралар, көгалдандыру бойынша экологиялық акциялар, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмысшылардың балалары арасында шығармашылық конкурстар өткізілді.

Бас Прокурор мен Комитет төрағасының бұйрықтарымен бірқатар қызметкерлер мен жұмыскерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Республика күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбайға «3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі» сыныптық шені берілді, сондай-ақ Комитеттің Әскери басқармасының бастығы Нұрлан Ахметбаев «ІІ дәрежелі Айбын» орденімен марапатталды.​

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі комитеті