«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы 13 тамызда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14185169) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі - жоба) орналастырылды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 141-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Келесі бұйрықтарға өзгерістер енгізіледі:

 «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты» деген сөздер «мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі» деген сөздермен ауыстырылды;

 «жұмыс кестесі» деген сөздер «көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің» деген сөздермен толықтырылды;

көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Бірыңғай байланыс орталығының деректерімен толықтырылды: күн сайын 9.00 до 21.00-ге дейін;

 «Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі» деген сөздер «Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін» деген сөздермен ауыстырылды.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.