«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына  баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 9 тамызда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14178101) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі - жоба) әзірленді.

Келесі бұйрықтарға өзгерістер енгізіледі:

1) «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 2 бұйрығына;

2) «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына.

Өзгертулер редакциялық сиппата енгізіледі.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.