Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарындағы кадрлық тағайындаулар туралы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарындағы кадрлық тағайындаулар туралы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды.

Бас Прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Мұрат Көбегенұлы Құсайынов тағайындалды.

М.К. Құсайынов еңбек жолын 2000 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасында тағылымгер болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласының, Ақмола облысының прокуратурасында және Бас прокуратураның орталық аппаратында жұмыс істеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде басшылық қызметтерді атқарды. Осы уақытқа дейін Комитеттің Нұр-сұлтан қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасы бастығы лауазымында болды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 22 жыл

 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Жолмағамбетұлы Қайыбжанов болды.

Марат Қайыбжанов прокуратура органдарындағы қызметін 1995 жылы Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады. Кейіннен Қостанай қаласы прокурорының орынбасары, Қостанай, Меңдіқара аудандарының, Лисаковск қаласының прокуроры лауазымдарын атқарды. Бас прокуратурада басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, сондай-ақ Қостанай облысының прокуроры болды. Осы уақытқа дейін Ақтөбе облысының прокуратурасын басқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 27 жыл.

 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша басқармасы бастығы болып әділет кеңесшісі Нұрлан Бақытжанұлы Нұрсейітов тағайындалды.

Н.Б. Нұрсейітов қызметін 2002 жылы Қостанай облысы прокуратурасының бас маманы лауазымынан бастаған. Қостанай облысы Рудный қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, осы облыстың прокуратура басқармасының прокуроры, аға прокуроры болып жұмыс атқарды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде басшылық қызметтерді атқарды.

Тағайындалғанға дейін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы бастығы болған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 17 жыл.


 

Жаңадан құрылған Ұлытау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы бастығы болып әділет кеңесшісі Сәкен Олжабайұлы Ыдырыс тағайындалды.

Сәкен Ыдырыс еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысының Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Павлодар облысының прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында, осы облыстың көлік прокуратурасында, Байқоңыр, Қызылорда, Ақсу және Астана қалаларының прокуратураларында жұмыс істеді. Ақмола облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымын атқарды. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде жұмыс жасады. 2017 жылдан бастап Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 18 жыл.

 

Жаңадан құрылған Абай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы болып аға әділет кеңесшісі Назигүл Сматова тағайындалды.

Назигүл Сматова еңбек жолын ішкі істер органдарында 1993 жылы бастаған. Прокуратура органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, аға прокурор, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқарма бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды. Осы уақытқа дейін Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 22 жыл.

  

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық

статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті