«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 20 шілдесінде нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14157522) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы жарияланды (бұдан әрі – жоба).  

Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»    2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Жобада «мүгедек» деген сөз «мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылу көзделеді.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.