Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің алқа отырысы туралы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің алқа отырысы туралы

А.ж. 15 шілдеде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде 2022 жылдың бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа барысында қызметтің негізгі бағыттары, прокурорлардың қадағалау жұмысының нәтижелері, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы цифрлық жобалардың іске асырылуы бойынша Төраға орынбасарларының, сондай-ақ аумақтық органдар бастықтарының баяндамалары тыңдалды.

А.ж. Бас прокуратураның ведомствосы қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулерді тағайындау, өтініштерді тіркеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Цифрлық технологиялар азаматтармен өзара қарым-қатынастың жаңа модельдерін құруға, елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, прокуратураның ғана емес, басқа да мемлекеттік органдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметін жаңғырту үшін технологиялық платформа құрылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында 2,2 млн. астам сұраныс орындалды (2 246 749 - соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, 1 933 - мұрағаттық анықтама және 16 901 - прокуратурадан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою).

Бүгінгі таңда қылмыстық істердің 90% - ға жуығы электрондық форматта тергелуде.

«E-Заң-көмегі» және «E-Сараптама» функционалдары әзірленді. Енді мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде адвокаттарды және сот сараптамаларын тағайындау автоматты түрде жүргізіледі.

«E-Заң-көмегі» бойынша пилоттық жобаға 1,8 мың адвокат қатысты, полиция органдарымен 12 мыңнан астам электрондық өтінішхаттар жолданды, олардың 11,6 мыңы адвокаттармен расталды.

Осыған ұқсас «E-Сараптама» бойынша полиция органдарымен 11,5 мың электрондық сараптама тағайындалды, олар бойынша 5 мың қорытынды жасалды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу және тіркеу саласында 4,1 млн. әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Айыппұлдардың жалпы өндірілуі 75% - ды құрады. Электрондық форматта ресімделетін әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалардың саны 89% - дан астамын құрады.

Тексерулерді есепке алу саласында 600-ге жуық заңсыз тексерудің жолы кесілді, оның ішінде шағын бизнесті тексеруге қатысты мораторий аясында бақылаушы органдарға 43 тексеруді тіркеуден бас тартылды.

Өтініштерді есепке алу бағытында 1,5 мыңнан астам бақылау-қадағалау іс-шаралары жүргізілді, 400-ден астам түрлі бұзушылықтар анықталды.

Бақылау-қадағалау қызметі бойынша барлығы 1,6 мыңға жуық прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, олар бойынша 3,7 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Жұмысты қорытындылай келе, Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай Комитет алдындағы басым міндеттерді белгілеп, олардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды, сондай-ақ қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеуге бағытталған сұрақтарға баса назар аударды.

Осы тұрғыда Сәбит Нұрлыбай Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру бойынша бағдарламалық құжаттарды сапалы орындау қажеттігін атап өтті.​

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті