Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерімен жұмыс кездесуі

Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерімен жұмыс кездесуі

А.ж. 17 маусымда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке Қырғыз Республикасынан жұмыс сапармен әріптестер келді.

Сапардың мақсаты құқық қорғау органдарының жұмысын автоматтандыруға бағытталған цифрлық жобаларды іске асыру бойынша қазақстандық тәжірибені зерделеумен байланысты болды.

Қатысушыларға «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ),  және «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ) ақпараттық жүйелері көрсетілді.

Қазақстандық жүйеге ұқсас Қырғызстанда «Қылмыстар мен теріс қылықтардың бірыңғай тізілімі» және «Құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жүйелері  жасалғанын атап өткен жөн.

Кездесу барысында тараптар аталған жүйелерді оңтайландыруға және одан әрі жетілдіруге байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде қырғыз тарапы кездесу және көрсетілген ақпараттық көмек үшін Комитетке алғыс айтып, біздің елдеріміз арасындағы цифрландыру саласындағы ынтымақтастығымыз қазақстандық тәжірибе негізінде болашақта инновациялық технологияларды жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті