Прокуратура органдарының құрметті қызметкері Евгений Пархоменконы еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

Прокуратура органдарының құрметті қызметкері Евгений Пархоменконы еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

А.ж. 17 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы облыстың құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында басқарма бастығы болған әділет аға кеңесшісі Евгений Николаевич Пархоменконы еске алуға арналған шағын-футболдан турнир өткізді.

Оған келесі командалар қатысты: Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (ҰҚКД), Полиция департаменті (ПД), Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Экономикалық тергеу департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД), облыстық сот және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы (Басқарма).

Турнирдің жеңімпазы болып ҰҚКД-нің командасы атанды.
Екінші орынды ПД, ал үшінші орын Басқарма командасы иеленді.

Турнирдің үздік ойыншысы болып ҰҚКД-нің қызметкері А. Нугуман, үздік шабуылшы – ДП қызметкері А. Агайсин, үздік қақпашы – Басқарма қызметкері А. Есешев, ал үздік қорғаушы – ҚАЖД қызметкері Н. Бустекбаев болып танылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен үздік қатысушылар кубокпен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті