«Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 24 мамырда нормативтік құқықтық  актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14103860) «Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Осы жоба  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Атап айтқанда,  Заңмен Кәсіпкерлік кодексінің 144-2 бабының  4-тармағына өзгерістер енгізіледі, оларға сәйкес  2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас прокуратура бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізудің тәртібін анықтайды.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.