Салтанатты іс-шара

Салтанатты іс-шара

Бүгін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Отан қорғаушылар күнінің 30 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын және ведомствоның 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай, оның орынбасарлары, құрылымдық және аумақтық басқарма басшылары, жеке құрам қатысты.

Салтанатты шараға Комитеттің бұрынғы төрағалары Георгий Ким, Сәуле Айтпаева, Қайрат Жақыпбаев және прокуратура органдарының ардагерлері шақырылды.

Комитет төрағасы қатысушылар мен қонақтарды жылы қарсы алып, осы айтулы күні құттықтаулар мен алғыс сөздерін білдірді.

Сәбит Нұрлыбай өз құттықтауында Комитеттің мемлекеттік құқықтық ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтіп, Комитеттің ақпараттық - талдамалық әлеуеті және инновациялық жобаларды кеңінен енгізу заңдылықты нығайтуға, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға ықпал ететінін атап өтті.​

Комитет ұжымына алдағы уақытта табыс және жұмыста жаңа жетістіктер тілей отырып, өз құттықтаулары мен тілектерін Сәуле Айтпаева,  Георгий Ким, Қайрат Жақыпбаев білдірді.

Маңызды күндерді мерекелеу аясында шағын футбол, волейбол, армрестлинг, гір спорты және арқан тартудан жарыстар өткізілді.

Айтулы іс-шара қызметкерлерді марапаттау, кубоктар, грамоталар, алғыс хаттар және сыйлықтармен жалғасты.

Салтанатты шара Комитет ұжымы ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті