Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алу

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алу

5 мамырда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған бейбіт өмір үшін жандарын пида еткен жауынгерлерге арналған тарихи ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Іс-шараға Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай және оның орынбасарлары, құрылымдық және аумақтық басқармалардың басшылары, сондай-ақ ведомствоның жеке құрамы қатысты.

Барлық қатысушылар қаза болғандарды және олардың ерліктерін үлкен құрметпен еске алды. 

Рәсім бір минуттық үнсіздікпен аяқталды. 

Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады және Отанға деген сүйіспеншілік пен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі болып қала бермек.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті