БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының өкілдерімен өткізілген кездесу туралы

БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының өкілдерімен өткізілген кездесу туралы

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Бас прокуратура, оның Академиясы, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өкілдерінің Орталық Азиядағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілі Ашита Митталмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында А.Миттал ханым ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметін цифрландыру мәселелерінде Комитеттің ерекше рөлін атап өтті.

Тараптар Статистикалық мақсаттар үшін қылмыстардың халықаралық сыныптамасын енгізу жөніндегі ынтымақтастықты және оны одан әрі дамытудың басым бағыттарын талқылады.

Бұл сыныптама қылмыс туралы статистикалық деректердің жүйелілігі мен халықаралық салыстырмалылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмысты есепке алудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, талдамалық мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта халықаралық сыныптама қылмыстарының топтастырылған 11 санаты бойынша статистикалық мәліметтерді Комитет автоматтандырды.

Сонымен қатар, құқықтық статистиканы жетілдіру мақсатында БҰҰ-ның ЕҚБ Озық тәжірибе орталығы – КОСТАТ-пен серіктестік мәселесі талқыланды.

Кездесуге қатысушылар өткен диалогтың өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуға және оны нығайтуға жаңа серпін беретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті