«Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

«Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына  баспасөз хабарламасы

 2022 жылғы 19 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14075134) «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы жарияланды (бұдан әрі – жоба). 

Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан
тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 20.12.2021 жылғы №84-VII Заңын іске асыру аясында азаматтық істерді қарау жөніндегі соттардың жұмысы туралы есепті жетілдіру мақсатында әзірленді.

         Жекелей алғанда, жобамен мынадай түзетулер енгізілді:

         № 2 (А кестесі), № 7 (А, Б, В кестелері), № 7 К (А, Б кестелері), № 8К (А, А1, Б, Б1, В, В1, Г кестелері) нысанды есептерде азаматтық істер бойынша «Даулар санатының атауы» жолдары ҚР АПК 12-бабына сәйкес келтірілді;

         №2 нысанды есептің бағандарында (А кестесі, №1-қосымша) «арыздар» сөзі «талап қоюлар» сөзімен толықтырылды;

№2 нысанды есептің бағандарында (А кестесі) «борышкер» сөзі «жауапкер» сөзімен алмастырылды;

         №7 нысанды есептің бағандарында (Б, В кестелері) «арыздар» сөзі «талап қоюлар» сөзімен алмастырылды;

         №2 нысанды есептің жолдарында (А кестесі), № 7 (А,Б,В кестелері), № 7К (А,Б кестелері), № 8К (А, А1, Б, Б1, В, В1, Г кестелері) «борышкер» сөзі «жауапкер» сөзімен алмастырылды;

         №2 нысанды есеп 8 («соның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы құра отырып»), 16 (олардың ішінде үлгілік шешім) және 23 (эксаумақтық соттылығы бойынша жолданды) бағандармен толықтырылды;

         № 2 нысанды есептен (А кестесі) 18 (14-бағаннан сырттай), 19 (талап қоюды қанағаттандыра отырып), 20 (талап қоюдан бас тарту отырып), 21 (жауапкердің арызы бойынша сырттай шешімдердің күші жойылды) бағандар алынып тасталды;

           № 7 нысанды есеп (Б кестесі) 39 (Шешім шығарыла отырып қаралды (9-бағаннан)), 40 (талап қоюды қанағаттандыра отырып), 41 (талап қоюдан бас тарту отырып), 42 (Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып қаралды (9-бағаннан)), 43 (Басқалары (9-бағаннан)) бағандармен толықтырылды.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.