2021 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы

2021 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай кеңейтілген алқа отырысында Бас прокуратура ведомствосының а.ж. 1 тоқсанындағы атқарған жұмысын қорытындылады.

Алқа барысында қызметтің негізгі бағыттары, прокурорлардың қадағалау жұмысының  нәтижелері және цифрлық жобаларды іске асыру бойынша Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Бүгінгі таңда қылмыстық істердің 88% - дан астамы электрондық форматта тергелуде.

Электрондық форматта ресімделетін әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалардың саны шамамен 2 млн.немесе жалпы санының 88% - ын құрады.

Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесі арқылы бизнес субъектілерін бақылаушылар тарапынан негізсіз қысымнан қорғау қамтамасыз етіледі.

Комитет Төрағасы Мемлекет басшысының а.ж. 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: «жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауындағы негізгі бағыттардың іске асырылуына және заңдылық пен адам құқықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының үйлестіруші рөлін іске асыруға назар аударды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің а.ж. 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау бойынша одан әрі цифрландыру, тиісті құқықтық актілерді қайта қарау және ішкі бизнес-үрдістерді кешенді реинжинирингіне қатысты тапсырмаларды алдыңғы мақсаттар қатарына қойды.

Жұмысты қорытындылай келе, ведомство басшысы Комитет алдындағы басым міндеттерді, сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындады айқындады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті