Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан 2022 жылмен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер!  Сіздерді келе жатқан 2022 жылмен құттықтаймын!

Жаңа жыл қарсаңында біз өткен кезеңді қорытындылаймыз және болашаққа жаңа міндеттер жоспарлаймыз.

Жалпы, өтіп бара жатқан 2021 жыл өте мазмұнды, серпінді және нәтижелі болды.

Мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың дұрыстығы қамтамасыз етілді.

Бас Прокурордың шешімімен есепке алу - тіркеу тәртібін қадағалау бойынша Комитеттің өкілеттіктері күшейтілді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының цифрлық жобалары өнеркәсіптік пайдалануға сәтті енгізілді және оларды дамыту жалғасатын болады.

Мемлекет басшысына, Президент Әкімшілігіне, Парламентке, БАҚ-қа және шетелдік делегацияларға ақпараттық жүйелердің цифрлық мүмкіндіктерінің тұсаукесерлері өткізіліп, нәтижелері жоғары бағаланды.

Әріптестер, бірлескен жұмыс үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, алдағы жылы біз таңдаған бағытты жалғастырамыз деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық және бақыт тілейміз!

Келе жатқан Жаңа 2022 жыл құтты болсын! 

 

Комитеттің төрағасы

Сәбит Нұрлыбай