Ашық дилог» порталында интернет-конференция өткізу туралы

Ашық дилог» порталында интернет-конференция  өткізу туралы

Құрметті қолданушы!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Ашық дилог» порталында «Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғаларды есепке алу» тақырыбы бойынша интернет-конференция өткізілетінін хабарлайды.

Интернет-конференция халықты ақпараттық порталмен таныстыру мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты Сіздерді 2021 жылғы 29 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін (сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін) интернет-конференцияға қатысуға және өз ұсыныстарыңызды беруге шақырамыз.

Интернет-конференцияға қатысу үшін https://dialog.egov.kz/conference/2148 сілтемесіне басу қажет.