«Ашық дилог» порталында интернет-конференция өткізу туралы

«Ашық дилог» порталында интернет-конференция  өткізу туралы

Құрметті қолданушы!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Ашық дилог» порталында «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесіне қатысты» тақырыбы бойынша интернет-конференция өткізілетінін хабарлайды.

Интернет-конференция халықты ашық деректер тізбесімен таныстыру мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты Сіздерді 2021 жылғы 28 желтоқсан сағат 16:30-дан 30 желтоқсан сағат 18.30-ға дейін интернет-конференцияға қатысуға және өз ұсыныстарыңызды беруге шақырамыз.

Интернет-конференцияға қатысу үшін  https://dialog.egov.kz/conference/2147 сілтемесіне басу қажет.