Комитетке Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы келді

Комитетке Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы келді

А.ж. 24 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің Қазақстанға сапары аясында Агенттік төрағасының орынбасары Талатжон Хайдаров бастаған Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде делегациясымен кездесу өткізілді.

Кездесуде өзбек тарапы қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулерді тағайындау, өтініштерді тіркеу жүйелерінің жұмысымен танысты.

Делегация мүшелеріне «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ), «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ), «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) және «Электрондық өтініштер» ақпараттық жүйелері көрсетілді.

Қатысушылар цифрландыру саласында алған қазақстандық тәжірибе Өзбекстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы саласында ұқсас жүйелерді енгізуге және оңтайландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Комитетке өткізілген іс-шара үшін алғысын білдірді.​

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті