«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Бас Прокуроры бұйрығының жобасына  баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 10 қарашада нормативтік құқықтық  актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12891124) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы жарияланды (бұдан әрі – жоба). 

Аталған жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын іске асыру шеңберінде әзірленді (Үкіметтің Заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының 15-тармағы).

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарын бөле отырып, үш буынды модельді енгізуді тапсырды.

Атап айтқанда, Заң жобасымен прокурорға айыптау актісін және басқа да жаңа процестік құжаттарды жасау міндеті жүктеледі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін есептеуге; сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурордың өкілеттіктеріне; қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге; кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін прокурордың қылмыстық іс бойынша әрекеттеріне қатысты нормалар түзетіледі.

Жоғарыда көрсетілген жаңалықтарды іске асыру мақсатында жобамен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына, № 1-М (қылмыстылық туралы), 1-Е (қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы), 1-Н (есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар туралы)  есептер нысанына түзетулер енгізіледі.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.