Шағын футболдан чемпионат өтті

Шағын футболдан чемпионат өтті

А.ж. 8-9 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Бас прокуратураның бастамасымен облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың, ведомстволар мен прокуратура мекемелерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан чемпионат өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Чемпионат «ASPAN» спорт кешенінде өтті, оған Бас прокуратураның орталық аппаратының, өңірлік прокуратуралардың және Комитеттің командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің командасы чемпион атанды.

Екінші және үшінші орындарды Бас әскери және Қарағанды облысы прокуратурасының командалары жеңіп алды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен үздік қатысушылар кубокпен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаев, Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай және Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті