Қырғыз әріптестерінің кезекті іс - сапары

Қырғыз әріптестерінің кезекті іс - сапары

А.ж. 18-21 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы келді.

Кездесудің мақсаты Қырғызстанда табысты іске асырылып жатқан бірқатар ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ осы бағытта елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Әріптестер қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулерді тағайындау, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесінің жұмысымен танысты.

Делегация мүшелеріне «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ), Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ), «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) және «Қадағалау» ақпараттық жүйелері көрсетілді.

Сондай-ақ сапар барысында қырғыз әріптестер елордалық Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Орталық қызметкерлері өз жұмыстарын және қоғаммен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне бағытталған қолданыстағы технологияларды таныстырды.

Өз кезегінде қырғыз тарапы қатысушыларға жоспарланған және іске асырылған цифрлық жобалар туралы айтып, оларды көрсетті.

Осы тұрғыда тараптар ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, жеке деректерді қорғау туралы ақпаратпен алмасты.

Қырғыз әріптестер осы салада алған тәжірибе Қазақстан Республикасының прокуратура органдары үлгісінде Қырғызстанда «Қылмыстар мен теріс қылықтардың бірыңғай тізілімі» және «Бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жүйелерін енгізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Қырғызстан Бас прокуратурасының өкілдері ұйымдастырылған кездесу мен іс-шараны өткізуге көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті