Молдова Республикасының Бас прокуратурасы делегациясының іс-сапары

Молдова Республикасының Бас прокуратурасы делегациясының іс-сапары

А.ж. 22 қыркүйекте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбай Молдова Республикасының Бас прокуроры Александр Стояногло бастаған делегациясымен Цифрландыру кеңсесінде кездесті.

Молдова делегациясының Қазақстанға сапары ТМД елдері бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің 31 -отырысы шеңберінде өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - құқық қорғау саласын цифрландырудың қазақстандық тәжірибесімен таныстыру болып табылады.

Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде кездесуге қатысушыларды қарсы алып, Комитеттің ақпараттық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Таныстырылым барысында Комитеттің қызметкерлері «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын қылмыстық және әкімшілік өндірістерді автоматтандыру, тексерулер тағайындау, өтініштерді қарау жүйелерін, сондай-ақ геоақпараттық сервистерді көрсетті.

Молдова Республикасының Бас прокуроры Александр Стояногло қазақстандық әріптестеріне жылы кездесу үшін алғыс айтып, қазақстандық тараптың тәжірибесі өте пайдалы екенін және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру кезінде пайдаланылатынын атап өтті.