«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында прокурорлық қадағалауды және бақылауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында  прокурорлық қадағалауды және бақылауды ұйымдастырудың  кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының бұйрық жобасына  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 19 тамызда нормативтік құқықтық   актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1996053) «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында прокурорлық қадағалауды және бақылауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы жарияланды (бұдан әрі – жоба). 

Осы жоба «Прокуратура туралы» Заңын іске асыру, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 2 шiлдедегi Заңымен енгізілген өзгерістері шеңберінде әзірленді.

 Жоба:

1) Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты, ол Заңдылықтың жай-күйін талдауды жүргізуге, субъектілердің қызметінде заңдылықты сақтаудың тексерістерінің, сонымен қатар есепке алу-тіркеу тәртібінің, прокурорлық қадағалау актілерін енгізудің негізгі талаптарын реттейді, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асыру барысында Комитет және оның аумақтық органдарының  арасында өкілеттіктерді ажыратады;

2)  Салыстырып тексеру мен мониторинг, бақылауды жүзеге асыру барысында  Комитет және оның аумақтық органдарының  арасында өкілеттіктерді ажырату жолымен  Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманы сақтауды жүзеге асыру қағидаларды бекітеді.

Бір мезгілде, жоба қолданыстағы Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты күшін жоюға қояды (Бас Прокурордың 2012 жылғы 2 наурыздағы № 19 бұйрығы).

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.