«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 30 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10446641) «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы№ 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасында жарияланды.

Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 шiлдедегi Заңымен енгізілген Қылмыстық-процестік кодексінің өзгерістерімен сәйкестендіру мақсатында  әзірленді.    

ҚР ҚПК-нің 192-бабының жаңа түзетулеріне сәйкес анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі бір айдан және алдын ала тергеудің істері бойынша екі айдан аспауы тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімді қойып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.  

Түзетулер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күнінен кейін қолданысқа енгізіледі (04.09.2021ж. бастап).  

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.