«InfoKazakhstan» ақпараттық платформасы

«InfoKazakhstan» ақпараттық платформасы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «InfoKazakhstan» электрондық платформасында мониторингтік топтардың рейдтерін тіркеу тетігін әзірледі.

Коронавирустық инфекцияға жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның а.ж. 1 шілдедегі хаттамасымен «InfoKazakhstan» электрондық платформасында мониторингтік топтардың (МТ) рейдтерді тіркеу бөлігінде «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бақылау талаптарының бұзылуы анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритміне» толықтырулар бекітілді.

Енді МТ рейдті «InfoKazakhstan»-да тіркегеннен кейін ғана кәсіпкерлерге баруға болады. 

Объектіге барған кезде МТ-тың мүшелері мониторингтің мақсаты туралы басып шығарылған актіні ұсынады немесе оны мониторинг субъектісіне смартфон (планшет) экранынан көрсетеді.

Мұндай жағдайларда мониторинг субъектісі мобильді құрылғының қосымшасын пайдалана отырып, мониторинг актісінде орналасқан QR-кодты оқып, оның «InfoKazakhstan» электрондық платформасында алдын ала тіркелгеніне көз жеткізе алады.

Осы электрондық платформаның көмегімен әрбір топтың қызметі цифрлық із қалдырады (барған объектілер, анықталған бұзушылықтар, бұзушылықтар анықталмаған объектілер және т.б.). 

Осылайша, бір объектілерге негізсіз бару фактілерін болдырмай, мониторингтік топтардың жұмысына талдау жүргізу, сондай-ақ санитарлық талаптарды қасақана бұзушыларды айқындау мүмкін болады.

 

press@kgp.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті