«Құқықтық статистиканың сапасы мен объективтілігін арттыру бойынша шаралар әзірлеу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу туралы

«Құқықтық статистиканың сапасы мен объективтілігін арттыру бойынша шаралар әзірлеу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу туралы

Мемлекет басшысының а.ж. 15 ақпанда Бас прокуратураның алдына қойған міндеттерін ескере отырып, Комитет құқық қорғау органдарының күнделікті қызметіне озық цифрлық технологияларды енгізе отырып, құқықтық статистиканың сапасы мен объективтілігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер қолдануда.

Осыған байланысты, а.ж. 21 шілдеде Комитет онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ІІМ, ҰҚК, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Құқық қорғау органдары академиясы және Ұлттық статистика бюросының өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында азаматтар мен мемлекеттік органдарды елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы тиімді және жеткілікті ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Сондай-ақ құқықтық статистиканың сапасы мен объективтілігін одан әрі арттыру жөніндегі ұсыныстар және тұтастай алғанда қылмыстың себептері мен жағдайларын жою немесе барынша азайту жөніндегі шараларды жалпымемлекеттік немесе өңірлік деңгейде әзірлеу және қабылдау мақсатында құқықтық статистика деректерінің әлеуметтік статистикамен арақатынасы мәселелерін пысықтау қаралды.

Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша халықаралық тәжірибе мен озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың жаңа сындарлы ұсыныстарын енгізу туралы шешім қабылданды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz