Тексерулерді есепке алу саласында қолданылатын шаралар туралы

Тексерулерді есепке алу саласында  қолданылатын шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес 2021 жылдың 1 жартыжылдығында тіркелген тексерулер саны 48 мыңнан асты, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 32 мыңнан асты. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 16 мың, 2020 жылы 12 мың тексеріс жүргізілді.

306 бизнесті негізсіз тексерудің, оның ішінде бизнеске қатысты 135 тексерудің жолы кесілді.​

Қазіргі таңда тексерулерді есепке алу мен тіркеудің барлық процесі «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) ақпараттық жүйесінде цифрландырылған.

Осы жүйе мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етеді және бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау үшін құрылған.

 «Qamqor» мобильді қосымшасы іске қосылды, ол арқылы кәсіпкерлер алдағы тексерулер туралы хабарламаларды алуға мүмкіндігі бар, онлайн режимде шағым бере алады.

Егер кәсіпкерлер тексеруші органдардың қызметкерлері тарапынан заңсыз іс - әрекеттерге тап болса, Бас прокуратураның call-орталығының 115-бірыңғай нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ аталған сұрақтар бойынша Комитетке және оның аумақтық органдарына жүгінуге болады.

Сонымен бірге, кез келген кәсіпкер www.qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде тексерудің заңдылығын көре алады.

«Qamqor» қосымшасын келесі сілтемелер арқылы көшіруге мүмкіндік бар:

Android үшін:

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.zerotoonelabs.businesssupport

IOS үшін:

https://apps.apple.com/kz/app/qamqor-%D0%B4%D0%BB%D1%8F-%D0%B1%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B5%D1%81%D0%B0/id1484310245

 

press@kgp.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті