Қылмыстық іс материалдарын онлайн түрде алуға болады

Қылмыстық іс материалдарын онлайн түрде  алуға болады

Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті қылмыстық процеске қатысушылар үшін «Жария сектор» функционалын іске асырды.

«Жария сектор» функционалы адвокаттар мен қылмыстық процеске қатысушылардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған.

Қылмыстық процеске қатысушылар процестік мәртебеге ие болған сәттен бастап тергеуші айқындайтын көлемде электрондық қылмыстық істердің тиісті материалдарына қол жеткізе алады.

Жария сектордың көмегімен қатысушылардың онлайн режимде процестік құжаттардың көшірмелерін алуға, өтініштер мен өтінішхаттар жолдауға және олардың жауаптарын электрондық форматта алуға мүмкіндігі бар.

Іс материалдарына қол жеткізу үшін Qamqor.gov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен авторлану арқылы «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің жария секторы» қосымша бетін таңдау қажет.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz