Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрлігі делегациясының келуі

Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрлігі делегациясының келуі

2021 жылғы 22 сәуірде Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Нажмиддин Тұраходжаев бастаған делегация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне келді.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – құқық қорғау саласын цифрландырудың қазақстандық тәжірибесін зерделеу болып табылады.

Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде кездесуге қатысушыларды қошеметтеп, Өзбекстан ІІМ-нің құрылымында Құқықтық статистика және жедел-есептік ақпарат орталығының құрылуымен құттықтап, Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құрылған күні – 1997 жылғы 22 сәуірдегі кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтті.

Өзбек әріптестерді Комитеттің ақпараттық мүмкіндіктерімен қысқаша таныстыра отырып, қазақстандық тарап қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді цифрландыру тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді.

Делегациямен бірге жүріп тұруды министрдің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың басшылығымен Қазақстан ІІМ-нің өкілдері қамтамасыз етті.

Жұмыс кездесуі барысында Комитеттің қызметкерлері Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі, Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі, Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасының жұмысын, сондай-ақ есептердің мүмкіндіктері егжей-тегжейлі талқылана отырып, қалыптастыру рәсімін көрсетті.

Цифрландырудың қазақстандық үлгісіне деген қызығушылығы Өзбекстанның ішкі істер органдары жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты танытылды.

Өзбек делегациясының өкілдері қазақстандық әріптестеріне жылы кездесу үшін алғыс айтып, қазақстандық тараптың тәжірибесі өте пайдалы және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруде қолданылатынын атап өтті.

ҚР БП ҚСжАЕК баспасөз қызметі press@kgp.kz