Комитет төрағасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құрылу күнімен құттықтауы

Комитет төрағасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құрылу күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

1997 жылдың 22 сәуірінде Тұңғыш Президент – Елбасы Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Криминалдық-ақпарат орталығының статистикалық қызметтерi негiзiнде Бас прокуратураның жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығын құру туралы стратегиялық шешімді қабылдады.

24 жыл бойы құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу прокуратура органдарының жүйесінде жүзеге асырылуда.

Осы уақыттың ішінде құқықтық статистика органдары құқық қорғау жүйесінде  өз орнын нақты анықтады және лайықты бедел мен құрметке ие.

Жалпы, прокурорлық қадағалауды және IT-технологияларын қолдануды біріктіретін құқықтық ақпаратты қалыптастырудың қазақстандық моделiнің бірегейлігі  көрші мемлекеттерде танылды және БҰҰ сарапшыларымен атап өтілді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Комитетімізге одан әрі өркендеуді, Сіздерге зор денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін.

 

Комитет төрағасы

Сәбит Нұрлыбай