Мемлекеттік қызметтерге қатысты түзетулер

Мемлекеттік қызметтерге қатысты түзетулер

Қазақстан аумағында қолдану үшін қағаз нысанындағы анықтамаларды талап ету санын қысқарту мақсатында «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына түсіндірме түзетулері енгізілді, қағаз тасымалдағыштағы құжаттың мәтіні «Осы анықтама шетелге шығу үшін беріледі» деп нақтыланды.

Қағаз жүзіндегі анықтаманы тек қана шетелге шыққан жағдайда көрсету үшін беріледі, ал Қазақстан аумағында анықтама электрондық нысанда ғана пайдаланылады.

Қазіргі таңда азаматтарға салмақ салмай, анықтаманы қажеттілік  жағдайында өздігінен www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталында іске асырылған «Үшінші тұлғалармен анықтаманы алу сервисі» арқылы алуға болатындығын назарларыңызға саламыз.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

баспасөз қызметі

press@kgp.kz