2021 жылдың 2 айы бойынша апаттылық жағдайы туралы

2021 жылдың 2 айы бойынша апаттылық жағдайы туралы

Ағымдағы жылдың 2 айында ел бойынша 1 768 ЖКО (2020 жылы – 1893) тіркелді. 2 657 адам зардап шекті (2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға аз – 2 666), оның ішінде 2 413 адам жараланды (2454, 1,7%-ға төмендеді).

ЖКО салдарынан 244 адам, ал өткен жылы 212 адам қаза тапты.

ЖКО-дан зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 402-ден (2020 жылы) 324-ке дейін төмендеді (ағымдағы жылы) және зардап шеккендердің жалпы санының 12,2%-ын құрайды.

Жол оқиғаларының негізгі бөлігі елді мекендерде орын алады.            Ағымдағы жылдың 2 айында 1 320 ЖКО жасалды, бұл жалпы санының 74,6%-ын құрайды (2010 жылы – 1 450 ЖКО).

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес ЖКО-ның 88%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен тіркелген (2021 жылдың 2 айы – 1 559, 2020 жылы –       1 544), оның ішінде 52 (46) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған.

«Өлім» жағдайларының көбісі соқтығысудан болған және ЖКО-да қаза болғандардың жалпы санының 46%-ын құрайды. Осыдан кейін  жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты жол көлік оқиғалары орын алады. Бұл ретте ЖКО-да қаза болғандардың жартысынан астамы (78% немесе 191 адам) ЖКО-ның көрсетілген екі түрінің үлесіне (соқтығысу және жаяу жүргіншіні қағып кету) келеді.

Жол қозғалысы қағидаларында немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтың артуынан 457 ЖКО немесе ЖКО жалпы санының 25,8% жасалды.

Алматы қаласында адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан ЖКО-ның 29%-ға жуығы немесе 514 фактісі жасалған. Тиісінше, бұл жерде ЖКО-дан зардап шеккендердің ең көп саны тіркелген (603).

Елордада 68 ЖКО, Шымкент қаласында 49 ЖКО тіркелді.

ЖКО-ның ең аз саны Солтүстік Қазақстан – 15  және Маңғыстау – 29  облыстарында жасалды.

Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттылық туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «qamqor.gov.kz» ақпараттық сервисінен көруге болады. Ол үшін «Геоақпараттық жүйелер» терезесіне өтіп, «ЖКО» қосымша бетін таңдау қажет.

Ескертпе: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жарақат алған немесе қаза болған ЖКО-ның есебін ғана жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz