«Қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 23 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7071056) «Қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды.

Осы жоба қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізуді жетілдіру мақсатында әзірленді.

Жобаны іске асыру мемлекеттік кірісті қысқарту немесе мемлекеттік шығысты арттыруды көздемейді, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығынды және мемлекеттік органдардың  штат саны лимиттерінің өсуін талап етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарына әкелмейді.  

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.