Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ««Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 2 наурыздағы № 19 бұйрығы күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасы

2021 жылғы 11 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6859603) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ««Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 2 наурыздағы № 19 бұйрығы күші жойылды деп тану туралы»  бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды.

Жоба Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы  6 сәуірдегі  Заңының 44-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді, оған сәйкес уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz