Құрметті қазақстандықтар және еліміздің қонақтары!

Құрметті қазақстандықтар және еліміздің қонақтары!

Мереке күндері қарсаңында мас күйінде көлік жүргізу заңсыз әрекет болып табылатынын естеріңізге саламыз. Бұл адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкелуі мүмкін, ал алкоголь ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу түрлі жағымсыз оқиғаларға, тіпті қылмыс жасауға да алып келеді.

Мәселен, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес 2020 жылы алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде жасалған көліктегі 23 509 құқық бұзушылық тіркелді

Олардың ішінде 19 282 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 17 203 мас жүргізуші арнайы құқығынан айырылды, 1 840 адамға 157 млн.теңге сомасында айыппұл салынды.

Егер адам көлік құралын басқарса не басқару нәтижесінде ЖКО алкогольдік масаң күйде жасаса және жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, онда ол көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын назарыңызға саламыз.

Кейін, бұл қайталанған жағдайда, қылмыстық жауапкершілік туындайды.

2020 жылы Қылмыстық кодекске мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін (ҚК-нің 345-1-бабы) әрекеттің ауырлығына байланысты 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және өмір бойына арнайы құқықтан айыру қарастырылған түзетулер күшіне енді.

Сондай-ақ, бұрын құқығынан айырылған адамның көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жазалау шаралары күшейтілді (ҚК 346-бабы).

Осы жылы ел бойынша алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған қатысушылардың кінәсінен орын алған 2 792 мың ЖКО тіркелді.

Осы жол көлік оқиғаларында 108 адам қаза болды.

Адамдардың қаза болуына және жарақаттануына әкеп соққан мас күйінде ЖҚЕ бұзғаны үшін 225 адам сотталды, оның ішінде 177-сі бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Сонымен қатар, мас күйінде қоғамдық орындарда болғаны немесе ішімдік ішкені үшін 11 175 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 137-і кәмелетке толмаған азаматтар.

348 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, қалғандары әкімшілік айыппұл төледі.

Алдағы жаңа жылдық мерекелерде барлық жүргізушілерден автокөлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеулеріңізді сұраймыз.

Бұл күндерді отбасыңызбен бірге өткізіңіз, Жаңа жылда денсаулық, бақыт тілейміз!

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz