Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістер бойынша жиналыс өткізілді

Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістер бойынша жиналыс өткізілді

А.ж. 28 желтоқсанда Шымкент қаласында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті прокурорлардың негізгі процестік шешімдерін келісу бойынша Қылмыстық-процестік кодексіне (ҚПК) енгізілген өзгерістер бойынша жиналыс өткізді. ​

Іс-шараға Шымкент қаласы, Түркістан облысының құқық қорғау органдарының өкілдері мен прокурорлары онлайн режимде қатысты.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» жүйесінде қылмыстық қудалау органдары мен прокурорлардың жаңа кезеңдегі жұмыс тәртібі көрсетілді.

Қазақстан Республикасында қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру процесі жүріп жатқанын естеріңізге сала кетеміз.

Бұл жұмыс Президенттің Жолдауында айтылған азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін шешімдерді 2021 жылдан бастап прокурорлармен келісу туралы тапсырманы орындау аясында енгізілуде.

ҚПК-де көрсетілген өзгерістерге сәйкес келісу электрондық форматта жүргізіледі, бұл тез арада бұзушылықтардың жолын кесуді қамтамасыз етеді және жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді.

Талқылау нәтижесі бойынша процестік шешімдерді жаңа форматта қабылдау кезінде мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

баспасөз қызметі

press@kgp.kz