
А.ж. 17 шілдеде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай 2026 жылғы 1-жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысын өткізді.
Сәбит Нұрлыбай отырысты ашып, Комитеттің есептік жылдағы қызметі мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ ведомствоға жүктелген басым міндеттерді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.
Алқа отырысында Комитет Төрағасы орынбасарларының жетекшілік ететін бағыттары, сондай-ақ цифрлық жобаларды іске асыру бойынша есептері тыңдалды, болжамдық-талдамалық қызметтің, Таргетинг-орталықты дамытудың және және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша жұмысты үйлестірудің басымдықтары талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Комитет қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді ерте анықтауға бағытталған болжамдық-талдамалық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.
Аталған тапсырмаларды тәжірибелік іске асыру үшін Комитеттің құрылымында Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы және елдегі прекурсорлардың заңды айналымын бақылау бойынша Ұлттық ведомствоаралық «Таргетинг-орталық» (бұдан әрі – Таргетинг орталық) жұмыс істейді. Олар прокурор-талдаушылар, IT-мамандар және жобалық басқару жөніндегі сарапшылармен күшейтілген.
Көшедегі және қайталама құқық бұзушылықтарды болжау, «e-Otinish» АЖ-ның жолданымдары негізінде тәуекелдерді анықтау, медиа-кеңістік мониторингі негізінде сыртқы қылмыстық қауіп-қатерлерді және қоғамдық қауіпсіздіктің ішкі тәуекелдерін анықтау бойынша жасанды интеллект модельдері жасалды. «Телефон және интернет-алаяқтық мониторингінің бірыңғай талдамалық платформасы» және қылмыстық қауіп-қатерлер картасы сынақтан өтуде. Аталған цифрлық құралдар тәуекелдерді ерте анықтау және құқық бұзушылықтарды болжау саласында жоғары әлеуетті көрсетуде.
Сонымен қатар, Таргетинг орталықты дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда жүйе химиялық заттар мен прекурсорлар айналымының толық бейнесін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жариялау туралы Жарлығын іске асыру шеңберінде ақпараттық жүйелерді жетілдіру және дамыту, цифрлық жобаларды, оның ішінде жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Цифрландыру нәтижесінде электрондық форматта тергеліп жатқан қылмыстық істердің үлесі 95%-дан асты, ӘІБТ жүйесі арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 99,9% хаттама мен қаулы толтырылды. «Бизнес» заңсыз тексерулерден ТСОБТ жүйеде сенімді түрде қорғалған.
Осы және өзге де цифрлық шешімдер қызметінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік органдардың процестерін едәуір оңтайландыруда. Бұл қабылданып жатқан профилактикалық шаралармен ұштаса отырып, республика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға (64 529-дан 56 978-ге дейін) төмендеуіне, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың басқа да өзекті түрлері бойынша оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті.
Ең бастысы, мұндай құралдар заңдылықтың бұзылуына қатысты «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бейінді бөлімінің үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен күтулерін барынша дәл айқындауға мүмкіндік беретін «Азаматтардың жолданымдарымен жұмыс істеудің бірыңғай экожүйесін» қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Комитет Төрағасы жетекшілік ететін Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіру жөніндегі Жобалық офистің қызметіне ерекше назар аударылуда.
А.ж. 13 шілдеде Премьер-Министр жаңартылған Тұжырымдама мен Іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Тұжырымдаманың жаңа редакциясы және 145 іс-шараны қамтитын 80 тармақтан тұратын жаңартылған Іс-қимыл жоспары нысаналы топтардың кең ауқымына бағытталған.
Сонымен қатар, ведомствоның «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша жұмысы атап өтілді. Атап айтқанда, Комитет уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, алдын ала тетік жасап, әкімшілік рақымшылық жасау процесін автоматтандыруды қамтамасыз етті.
Жұмысты қорытындылай келе, Сабит Нұрлыбай Комитет пен оның аумақтық органдарының басым бағыттарын айқындады, мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жоғары басшылықтың алдағы кезеңге қойған тапсырмаларын сапалы орындау бойынша нақты міндеттерді белгіледі, сондай-ақ Комитеттің болжамдық-талдамалық қызметін жетілдіруге, цифрландыруға және жасанды интеллекті енгізуге, Жобалық офистің жұмысы аясында қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіруге бағыт берді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті