Автокөлік жүргізушілердің назарына!

Автокөлік жүргізушілердің назарына!

 

Көптеген жүргізушілер белгіленген жол таңбасына елеулі мән бермейді және тұтас сызықты кесіп өтіп, бағдаршамның алдында бір жолақтан екіншісіне ауыса бастайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 601-бабының 1-бөлігі бойынша 3 АЕК немесе 8334 теңгені құрайтын айыппұлдың бар екендігі туралы СМС-хабарлама алғаннан кейін ғана олар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын біледі.

Назарыңызда болсын, егер айыппұл СМС-хабарламаны алған сәттен бастап алғашқы 7 күн ішінде төленетін болса, оның мөлшері 50% жеңілдікпен 4 167 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 743-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама «Электрондық үкімет» веб-порталында көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабар жіберілген кезде тиісті түрде жеткізілген деп танылады.

Айыппұл туралы ақпаратты уақытында алу және оны жеңілдікпен төлеу үшін барлық автокөлік иелеріне «Электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетте көрсетілген ұялы байланыс нөмірін тіркеуді немесе өзектілігін тексеруді ұсынамыз.

Сондай-ақ, жүргізушілерді мұқият болуға, асықпауға және Жол жүрісі қағидаларын бұзбауға шақырамыз.