Бүгін Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетпен (ЕБХК) және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Пәкістанның құзыретті мемлекеттік органдарының өкілдері, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ химия өнеркәсібі мен логистикалық компаниялардың өкілдері қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты - өңірлік ынтымақтастықты нығайту, практикалық тәжірибемен алмасу және жаңа психоактивті заттардың, синтетикалық есірткілердің таралуына және жаңа технологияларды заңсыз айналымда пайдалануға байланысты қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың бірлескен тәсілдерін дамыту.
Отырыста Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің GRIDS бағдарламасының жетекшісі Фумио Ито, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімінің басшысы Юлиана Садовский, Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының директоры Махмуд Хамидов, Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ельдар Абдикенов сөз сөйледі.
Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде: «Бүгінгі таңда жаңа психоактивті заттар қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
Олардың тез таралуы, химиялық құрамының үнемі өзгеруі, заманауи цифрлық технологияларды қолдану және заңсыз айналымның трансұлттық сипаты, бізден уақтылы ақпарат алмасуды, күш-жігерді шоғырландыруды және бірлескен шешімдерді әзірлеуді талап етеді.
Накротизмге, жаңа психоактивті заттар мен прекурсорларға қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өткен жылдың қыркүйек айында Комитет құрылымында - Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық құрылды.
Таргетинг орталық нашақорлық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы мониторингті, деректерді талдамалық өңдеуді және ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Таргетинг орталық жүйесі химиялық заттар мен прекурсорлардың айналымының толық көрінісін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.
Кездесу барысында өңірдегі есірткі ахуалының өзекті тенденциялары, жаңа қауіп-қатерлерді ерте анықтау, халықаралық ақпараттық платформаларды, талдамалық құралдар мен цифрлық шешімдерді пайдалану мәселелері талқыланатын болады.
Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың тәуекелдер мониторингі, деректерді талдау, есірткінің заңсыз айналымының жаңа тәсілдерін анықтау, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық ақпарат алмасуды дамыту жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара шеңберінде Комитет пен ҚАЗХИМИЯ Химия өнеркәсібі қауымдастығы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті